«ЭКО LAB» ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ

«Эко Lab» - экологиялық тәжірибе мен ғылыми жобалар байқауы! Қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты аялау мақсатындағы танымдық байқау – Ұлытау ауданына қарасты Жезді кентіндегі мектеп-интернатында ұйымдастырылды...
Мемлекет басшысы ұсынған «Таза Қазақстан» республикалық акциясын мектеп қабырғасында дәріптеуді көздеген байқауға ауданға қарасты оқу ордаларынан 20 ға жуық оқушы қатысты. Байқаудың негізгі мақсаты: Экологиялық сауаттылықты арттыру және...
Ұсынылған жобалар қатарында: суды үнемдеу, қоқыс қалдықтарын қайтадан өңдеу, энергетикалық қауіпсіздік сынды бағдарламалар кеңінен талқыланды. Бұл бірінші кезекте оқушылардың табиғатты тану деңгейін тереңдетпек.
«(Байқаудың біздер үшін берері көп. Мен жетекшіммен бұл байқауға тыңғылықты дайындалдық. Таза экологияның адам денсаулығына да әсері мол. Сол себепті, мұндай іс шаралар жиірек болса деймін!)»
— Көркем Амантай, байқау қатысушысы
Айта кетейік, Байқаудағы үздік эко-жобалар - болашақта тәжірибе жүзінде жүзеге асырылмақ.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube
Мұқағали Сейтқазы

