Жезқазған −1° Сәтбаев −1° Қаражал −2° ҰБ бағамы USD 458.85▲EUR 503.50▲RUB 5.59▲CNY 68.90▲
Жаңалықтар

КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ – РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ ТІРЕГІ

КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ – РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ ТІРЕГІ

Облыс орталығында «Кітап оқитын ұлт – рухани жаңғырудың тірегі» атты ауқымды жиын өтті. Онда жасанды интеллект дәуіріндегі кітап оқу мәдениетін дамыту, ұлттық руханиятты дәріптеу және жас ұрпақтың кітапқа қызығушылығын арттыру мәселелері талқыланды.

Жиынға Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Күміс Сейтова, өңірдің зиялы қауым өкілдері, кітапхана саласының ардагерлері мен мамандары қатысты. Кездесу барысында кітап оқуды насихаттау, заманауи технологияларды кітапхана жұмысына енгізу және оқырман ұрпақ қалыптастыру бағытындағы міндеттер сөз болды.

Кездесуде кітаптың адам тәрбиесі мен қоғамның рухани дамуындағы орны да кеңінен қозғалды. Сондай-ақ, жасанды интелекттің даму жағдайындағы кітап оқу мәдениеті мен кітап ісін насихаттаудың 2027–2031 жылдарға арналған тұжырымдаманың негізгі бағыттары таныстырылды.

Сонымен қатар, басқосуда өңірде жүзеге асырылып жатқан «Бір өлке – бір кітап», «Оқитын өлке», «Оқырман ұрпақ» жобалары мен «Жезқанат», «Шырақ» оқырмандар клубының жұмысы да таныстырылды. Жиын соңында қатысушылар ашық микрофон форматында пікір алмасып, кітап оқу мәдениетін дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды. Басты мақсат – кітапты күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналдырып, зерделі ұлт қалыптастыру.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты