Жезқазған −1° Сәтбаев −1° Қаражал −2° ҰБ бағамы USD 458.85▲EUR 503.50▲RUB 5.59▲CNY 68.90▲
Жаңалықтар

ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ОНЛАЙН ҚАБЫЛДАДЫ

ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ОНЛАЙН ҚАБЫЛДАДЫ

Жезқазған қаласының әкімі Мұрат Бөрібаевтың тұрғындармен онлайн кездесулері жалғасуда. Кезекті қабылдау барысында қала тұрғындары өздерін толғандырған бірқатар мәселенікөтеріп, шаһар басшысына өтініш-тілектері мен ұсыныстарын жеткізді.

Тұрғындардың өтініштерін жан-жақты қарау үшін онлайн қабылдауға тиісті бөлімдердің басшылары да қатысты. Олар өз құзыреттері аясында қойылған сауалдарға жауап беріп, көтерілген мәселелер бойынша түсініктемелер берді. Кездесу барысында коммуналдық нысандардың жай-күйі мен жол сапасына қатысты мәселелер қозғалды. Солардың бірі Қабанбай батыр ықшам ауданына апаратын жолдың және аудан ішіндегі көшелердің жағдайына қатысты болды.

Қабылдау барысында айтылған барлық өтініш тіркеліп, жауапты мамандардың назарына ұсынылды. Мұндай онлайн кездесулер қала басшылығы мен тұрғындар арасындағы байланысты нығайтып, халықтың талап-тілегін тікелей тыңдауға мүмкіндік береді. Қала әкімдігі бұл бағыттағы жұмысты алдағы уақытта да жалғастырмақ.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты