Жезқазған +3° Сәтбаев +3° Қаражал +2° ҰБ бағамы USD 458.28▲EUR 501.45▲RUB 5.59▲CNY 68.77▲
Жаңалықтар

«ОЙ ӨРІС» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ

«ОЙ ӨРІС» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ

Жезқазғанда мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлері арасында «Ой-өріс» зияткерлік сайысы өтті. Білім мен тапқырлық сынға түскен додаға бес команда қатысып, өзара бақ сынады.

Сайысты қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілтану» оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырды. Білім додасына полиция басқармасы, орталықтандырылған кітапханалар жүйесі, Ұлттық банктің Ұлытау облысындағы филиалы, облыстық төтенше жағдайлар департаменті және қала әкімі аппаратының өкілдері қатысты. Қатысушылар үш кезең бойынша сынға түсті. Алғашқы «Таныстыру» бөлімінде командалар өз атауы мен логотипін таныстырып, жасанды интеллект көмегімен әзірлеген бейнероликтерін көрсетті. Ал «Білімді мыңды жығар» кезеңінде Қазақстан тарихы, әдебиеті мен мәдениетіне қатысты сұрақтарға жауап берді.

Ал қорытынды кезеңде командаларға өмірлік және қызметтік жағдайларға негізделген тапсырмалар берілді. Қатысушылар үш минут ішінде ой қорытып, өз ұстанымдарын ортаға салды. Сайыскерлер мұндай тәжірибенің кәсіби орта үшін де берері мол екенін айтады.

Үш кезеңнің қорытындысы бойынша қазылар алқасы үздік командаларды анықтады. Жүлделі орын иелері дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталса, өзге қатысушыларға белсенділігі үшін алғыс хаттар табысталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, зияткерлік сайыс алдағы уақытта да жалғасын таппақ. АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, МЕДЕТХАН КЕНЖЕАЛИЕВ «ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты