«ЖЫР МЕН ЕҢБЕК ТОҒЫСҚАН ӨМІР!»

«Жыр мен еңбек тоғысқан өмір!» Аталған тақырыпта Ұлытау облыстық әмбебап кітапханасында Бір өлке - бір кітап акциясы аясында белгілі қаламгер, аймақтың рухани тынысына елеулі үлес қосқан қайраткер тұлға Қуаныш Ахметовтың 80 жылдығына арналған тағылымды шара өтті...
Қуаныш Ахметов – Ақтөбе өңірінің тумасы. Алайда, оның есімі Ұлытаудың биігінде де үлкен құрметпен айтылады. Өндіріс пен өлеңнің туын қатар ұстап, қайла мен қаламға адал қызмет еткен азаматтың рухына тағзым ету мақсатындағы шара облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Жұмажан ӨТЕГЕНОВтің алғысөзімен ашылды...
Іс шара барысында Қуаныш Ахметовтың шығармашылығы кеңінен насихатталды. Замандастары мен қаламдастары есті естеліктермен бөлісіп, Қуаныш ақынның сан қырынан сыр шертті...
Жезқазғандағы кешке Астанадан Қуаныш Ахметовтың ұлы Мұрат Ахметов арнайы қатысып, ұлытаулықтарға алғысын білдірді.
Ұлытау және Ырғыз аудандарының құрметті азаматы, өлке зерттеушісі Қуаныш Ахметовтың сәулелі ғұмыр жолы әлі талай жасқа шамшырақ болары анық! Бұл – кештен түйген оймақтай ойымыз!
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube
Мұқағали Сейтқазы

