«ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАР КҮНІ»

Жезқазған қаласы әкімдігінің азаматтарды қабылдау орталығында «Қызмет алушылар күні» ұйымдастырылды. Іс-шара ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің бастамасымен өтті.
Кездесудің басты мақсаты – тұрғындар мен мемлекеттік органдар арасындағы ашық байланысты нығайту. Осы мақсатта азаматтарға тұрғын үй қатынастары, мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі және өзге де өзекті тақырыптар бойынша түсіндірмелер ұсынылды.
Мамандар тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін, қажетті құжаттар мен өтініш беру жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар, тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, жұмыспен қамту және цифрлық сервистерді пайдалану мәселелері бойынша кеңес берілді.
Мұндай кездесулер азаматтардың өтініштерін жедел қарауға және халықты толғандырған мәселелерді тікелей талқылауға мүмкіндік береді. Мамандар тұрғындардың сауалдарына жауап беріп, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған жұмыстарды жалғастырмақ.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


