Жезқазған +3° Сәтбаев +3° Қаражал +2° ҰБ бағамы USD 458.28▲EUR 501.45▲RUB 5.59▲CNY 68.77▲
Жаңалықтар

ЖАРНАМАНЫҢ САУАТТЫ РӘСІМДЕЛУІ ОРТАҚ МҮДДЕ

ЖАРНАМАНЫҢ САУАТТЫ РӘСІМДЕЛУІ   ОРТАҚ МҮДДЕ

Жарнамадағы тіл сауаттылығы - мемлекеттік тіл мәдениетінің басты назарында. Жезқазғанда осы мәселеге арналған «Жарнамалардың сауатты рәсімделуі - ортақ мүдде» атты қалалық әдістемелік семинар өтті.

Іс-шараны Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Мемлекеттік тіл және қоғам» жобасы аясында ұйымдастырды. Басты мақсат - мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, жарнаманы сауатты рәсімдеу мәдениетін қалыптастыру және тіл саясатының өзекті мәселелерін талқылау.

Семинарға арнайы шақырылған мамандар жарнама мәтіндеріндегі терминологиялық бірізділік, көрнекі ақпараттағы тіл мәдениеті және оларды жетілдіру жолдары жөнінде баяндама жасады. Қатысушылар тақырып аясында пікір алмасып, сауатты жарнама талаптарының сақталуын бақылау үшін сарапшылар тобын құру туралы ұсыныс білдірді.

С1155 видео.

Семинар аясында дәстүрлі «Үздік мақала» байқауының қорытындысы шығарылды. Байқауға 22 мақала ұсынылған. Қазылар алқасы үздіктерді анықтап, «Алтын қалам - 2026» арнайы номинациясы мен 50 мың теңгелік сертификатты журналист, БАҚ ардагері Амандық Рахұлына табыстады.

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдар және қаржылай сыйақылармен марапатталды. Тағы 15 қатысушыға алғыс хат табысталды. Ұйымдастырушылар мұндай байқаудың мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, тілдік сауаттылықты арттыруға ықпал ететінін айтады.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты