2012 жылдан бастап мектеп-интернаты атанған Бекболатсай елді-мекеніндегі еңселі білім ошағы – мерейлі белеске мәртебелі жетістіктермен жетуде. Себебі, қара шаңырақтан қанат қаққан түлектердің әрі республика, берісі өңір аумағында еселі еңбек етуде. Айтулы күнде – алтын ұяны құттықтауға аймағымыздағы білім басқармасының мамандары, ардагер ұстаздар арнайы келген...
Венера Усерова, Ұлытау облысы білім басқармасының мектепке дейінгі жалпы орта білім және тәрбие бөлімінің басшысы
-Бұл жерде жұмыс жасап жатқан ұстаздар үлкен патриоттық сезіммен жұмыс жасап жатыр деп ойлаймын.40 жылдық тарихы бар мектепте қаншама бүлдіршіндерге білім беріп ,қазіргі таңда барлығы үлкен өмірде айырықша орны бар азаматтар екенің білеміз.Алдағы уақыттада бұл мектеп биік шыңдарды бағындырады, әл іде мықты шәкірттерді тәрбиелейді деп сенеміз.
Мерейлі шара үш бағытты қамтыды. Атап айтар болсақ: оқушылар мен педагогтердің шығармашылығын дамыту, білім сапасын арттыру және тың идеялар бойынша түрлі бағдарламалар ұсынылды.
Алма Ашубайқызы, ардагер ұстаз
-Мектебімді көріп қуанып тұрмын, бүгінде өзгерген.Осындағы барша әріптестеріме алғыс айтамын. Еңбектері жана берсің. Қазіргі мектептің аяқ алысына ризамыз, барлығы заманауи талаптарға сай істелген мектеп деп ойлаймын.
Мектеп ұстаздары ілім мен тәрбие шеңберіндегі ізденіске толы жолды әрі қарай лайықты жалғасыра береміз дейді. Мерекелік концертпен мәреге жеткен шара жоғары деңгейде өтті.
Мұқағали Сейтқазы, Айдос Өмірбекұлы, «ҰЛЫТАУ» телеарнасы