Еңбекті қорғау күнін «Қазақмыстықтар» жыл сайын ескерусіз қалдырмайды. Дәстүрге айналған мерекелік шара биыл екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде - қауіпсіздік саласындағы озаттар марапатталса, екінші бөлімде – қауіпсіздік техникасы және өрт сөндіру спорты бойынша спорттық-өндірістік эстафета өткізілді.
Еңбекті қорғау күнінің негізгі мақсаты – еңбек адамдарына деген құрметті арттыру. Шара барысында бірқатар өндіріс қызметкерлеріне қаржылай сыйақылармен қатар, «Даңты Жастар» төсбелгісі табыс етілді. Марапат биігіне көтерілгендердің жұмыс тәжірибелері ең кемі 10 жылды құрайды.
Марапаттау рәсімінен кейін өндіріс қызметкерлері арасында «Еңбекті қорғауға – ерекше назар!» спорттық-өндірістік эстафетасы басталды. Бұқаралық спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған сайысқа барлығы 10-нан астам команда қатысты.
6 кезеңнен құралған жарыс қортындысы бойынша бірінші орынды Шығыс Жезқазған кенішінің ұжымы иеленсе, екінші орынды Энергетика басқармасының электр жабдықтарына қызмет көрсету командасы лайық деп танылды.Жүлдегерлер мен жеңімпаздарға кубоктар мен қаржылай сыйақылар берілді.
Корпорация басшылығы мұндай шаралар легін әрі қарай да жалғастыра бермек!
Мұқағали Сейтқазы, Думан Оразов, «Ұлытау» телеарнасы