Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың санасына мейірімділік, сүйіспеншілік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру. Акция аясында қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылып оқушылардың бизнес стартаптары аукцион форматында сатылды. Қайырымдылық – қазақ халқының ең ізгі де асыл қасиеттерінің бірі. Сауабы мол іске атсалысу әрбір адамның азаматтық парызы», – дейді мектеп директоры
Фариза Сыздықова №14 ЖББМ директоры
Қайырымдылық акциясы аясында біздің балалардың стартаптары аукционда ойнатылуда, оқушылар жәрмеңке ұйымдастыруда, жан-жануарларға көмек көрсетуде және үлкен кісілердің үйлеріне барып оларға көңіл бөлуде. Алдағы уақытта біздің мектебіміз толық күн оқытуға көшеді және түскі ауысым уақыты осындай шаралар үнемі өткізіліп тұратын болады.
Оқушылар тәттілерден бөлек өздері жасаған қолөнер бұйымдарын да сатты. Қайырымдылық жәрмеңкесінен түскен қаражат,мұқтаж жандарға табысталды.
Елизавета КВАТОВА №14ЖББМ оқушысы
Акция жақсы өтті деп ойлаймын, біз өз қолымызбен жасаған қолөнер бұйымдарын саттық. Жәрмеңкеден түскен қаражат ең бастысы қайырымдылыққа кетеді. Осылайша біз өз көмегіміздің береміз.
Акцияға ата-аналар да белсенділік танытты. Олар балғындармен бірге мектептің ауласына аббатындыру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ мектеп ішінде ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларға арналған шығармашылық орталық бар. Олар да жәрмеңкеде өз үлестерін қосты.
Дария ЕРКІН №14ЖББМ оқушысы
Бүгіз біз достармызыбен бірге құрт жасадық. Қайырымдылық жәрмеңкесінде сатып жатырмыз.
Оқу ордасында оқушылардың ойлау қабілетін арттыруға септесетін түрлі ойындар өткізілді, театрландырылған көрініс те қойылды.
Гүлім Маратқызы, Думан Оразов «Ұлытау»телеарнасы
Пікірлер орны
Күнтізбе
« Ноябрь 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |