«Қазақмыстың» бұқаралық спортты дамыту мен салауатты өмір салтын ұстану бағытындағы шараларға деген қолдауы қашан да ерекше. Еңбеккерлерінің бос уақытын тиімді өткізу де ерекше мән береді. Осы мақсатты ұйымдастырылатын спартакиада аясындағы үстел теннисінен өткен жарысқа барлығы 80 әуесқой спортшы қатысты. Оның 69-ы ер адам, 11-і нәзік жандылар.
Жылдамдық пен ептілікті қажет ететін спорт түрі кейінгі жылдары біздің елде кеңінен қанат қағуда. Ракетка шеберлері әр ойынға деген физикалық және психологиялық тұрғыдағы дайындықтарын жоғары дәрежеде көрсете білді.
Қуаныш МАРГАРАПОВ ерлер арасында жарыс жеңімпазы
Тенниспен айналысқаныма 10 жыл болды. Кәсіпқорған мен жастар болашақ жастар одағына алғысымды білдіремін. Осындай турнирлерді жыл сайын ұйымдастырып тұрады.
Турнир қортындысында жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, үздік өнер көрсеткен қатысушылар да назардан тыс қалмады.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,СЕРГЕЙ МАЙКОВИЧ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ