СӘТБАЕВ ҚАЛАСЫ

Депутаттар аралауы

Бөлісу:

Қала аралауға облыс әкімінің орынбасары Алмаз Ыдырысов және Сәтбаев қаласы әкімінің міндетін атқарушы Алмат Саухимов, Қазақмыстың меморанудмға қатысты департамент басшысы Медет Дюсембаев қатысты. Алғашқы нсыан- 1994 жылы қолданысқа берілген «Ақбота» бөбекжайы. 305 бала тәрбиеленіп жатқан бөбекжайдың шатырынан су кетіп, жарамсыз күйге түскен. Қазақмыс корпорациясымен арадағы меморандум аясында балалар орталығына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 

Қалыпқа келтіру жұмыстарын «Лидерстрой 2002» ЖШС жасап жатыр.Мамыр айында басталған жұмыстар жаңа оқу жылына дейін толық аяқталып, пайдалануға берілмек.

Жанар БАЙБАТЫРОВА «Ақбота»бөбекжайының директоры 

Қазір күрделі жағдайға байланысты,тәрибешілер балалардың барлығы Сәтбаев қаласындағы бала-бақшаларға орналастырдық.Күрделі жөнедеуден кейін 14-ші топ ашамыз деген жоспар бар. Қазір осы күрделі жөндеу күнделікті қадағалауда. 

Бөбекжайдағы тәрбиешілер мен жұмыскерлер де жұмыссыз қалмаған. Оларды басқа бала-бақшаларға уақытша жұмысқа орналастырған.                                                                                                                         Халық қалаулыры барған келесі нысан- құрылысы ұзаққа созылған оқушылар сарайы.Аумағы 3000 шаршы метрге жуық нысан құрылысын «СК New City»ЖШС жүргізуде.

Арман ӘБІШЕВ мердігер өкілі 

-Қазір жұмысымыз өте жақсы келе жатыр. Материал бәрі жеткілікті, келіп тұр. Ресейден тікелей келген материалдар.

 Қазіргі таңда қасбеттері мен төбелерін жөндеп жатыр.  Нысанды тапсыру мерзімі осы жылдың желтоқсанына жоспарлануда. Депутаттар құрылыс жұмыстарының уақытылы, сапалы жүргізілуін қадағалап отырамыз деді. 

Шолпан ЖАНГАСИМОВА Сәтбаев қалалық мәслихатының депутаты

Бастапқыдан қоғамдық кеңесте жүген кезде бақылауда болды. Дұрыс салынбағанын қоғамдық кеңесте көрдік. Бірақ енді биыл бітеді деп өз: ойыым айта алмаймын. 

Оқушылар сарайында 15 үйірме жұмыс істейтін болады. Дәстүрлі үйірмелерден өзге авиа, студиомодельдеу сабақтары қосылады.  Қажетті құрал-жабдық, аспаптардың барлығы сметада қаралған. Айта кетейік, былтыр аталған нысанды Ұлытау облысының балансына алу, техникалық тексерістен өткізу, жобаға өзгерістер енгізу жұмыстары жүргізілген болатын. 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, МЕЙІРЖАН МЕЙРАМҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ

Күнтізбе

«    Октябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты