Сәтбаевтық Айман Ақпанбетова жоба дайындап, нәтижесінде 3,5 млн теңгелік грантқа қол жеткізген. Аталған қаражатқа ойын сауық орталығына қажетті жабыдқтарды алған.
Ашылу салтанатына қала тұрғындары мен жергілікті билік өкілдері қатысты. Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары Дархан Мұхан жас кәсіпкерге сәттілік тілеп, жастарға әрқашан мемлекет тарапынан қолдау бар екенін жеткізді.
Орталық іші замануи үлгіде жасалған. Кеншілер шаһары болған соң жас кәсіпкер арнайы кеншілердің бөлмесін жасақтаған. Сондай-ақ әскери және сән салоны, ас әзірлеу бөлмелері де бар. Орталық 5-13 жас аралығындағы балғындарға арналған. Бұл бастама балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға үлес қосатыны анық.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ БЕКЖАН МАРАТҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ