ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ

«КАЗЭНЕРГОЦЕНТР»ЖШС ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУДЫ ТОҚТАТАДЫ

Бөлісу:

 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап" КАЗЭНЕРГОЦЕНТР " ЖШС тұтынушыларын электрмен жабдықтау қызметін тоқтатады. Электрмен жабдықтау шарты бойынша энергиямен жабдықтаушы ұйымның міндеттері «Жезқазған электр тарату»АҚ-ға өтеді". Бұл шешім осы жылдың шілде айында қабылданған "электр энергетикасы туралы" заңға түзетулерге байланысты.

 Дәуір ЖҮНІСБЕКОВ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ұлытау обылсы бойынша департаментінің басшысы 

  1. Бұл енді қызметті жақсарту үшін көзделген іс- шара. Неліктен? Өйткені тұтынушылар тарапынан бұрыңғы энергиямен жабдықтау ұйымдардың диспечерлік қызметтері жорқ, авариялық қызметтері жоқ деген көптеген сұрақ туындаған болатын. Бүгінгі таңда егер де Ұлытау обылсын алатын болсақ, «Жезқазған аймақтық энергия таратушы торабы» АҚ өзінің үлкен базасы бар, мамандардырылған қызметкерлері бар, авариялық қызметтері бар. Сондықтан қосымша энергиямен жабдықтау қызметін алғаннан кейін энергия желілерінде әр-түрлі авариялық жағдайлар болғанда тұтынушылар сол мекеменің қызметіне хабарласа алады. 

 Баға әзірге өзгеріссіз қалады. Наурыз айында жария тыңдау өтеді. Содан кейін ғана бағаның өзгеруі ықтимал. Ал, «Казэнергоцентрдың» қызметкерлері жұмыссыз қалмайды. Жезқазған электр тарату»АҚ  ауысып және сол Алашахан 16 мекенжайы бойынша тұрғындарды қабылдайды. Осы ретте, қарапайым тұтынушыларға алаңдауға себеп жоқ.

 Шолпан ӘЛДЕКЕНОВА «Казэнергоцентр»ЖШС бас менеджері 

  1. Келісімшартты қайта жасатпаймыз, тек ұзартамыз. Заңды тұлғалар мен мемлекеттік мекемелер келіп келісімшарт жасайды. Себебі олардың келісімшарты 31 желтоқсанға дейін. 

 Бұл өз кезегінде тұрғындардың сенімді әрі сапалы энергиямен жабдықтау мәселелерін шешуді толық қамтамасыз етпек.  

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ ДУМАН ОРАЗОВ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ 

Күнтізбе

«    Декабрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты