Әлгі 14 оқиғаының 4-еуі тұрғын үй секторында болса, 5-еуі көлікте орын алған. Тағы 3-еуі орман аумағында тіркелген. Қалған 2 өрт түрлі басқа себептермен болғаны анықталды. Ұлытау аудандық төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерінің дер кезінде әрекет етуінің арқасында өрттер ауыздықталған және адам шығыны жоқ. Сала маманы тілсіз жаудың басты себептерін атады.
Данияр МҰХАНБЕТОВ Ұлытау ауданы ТЖБ бастығы
- Ұлытау ауданынң тұрғындары мен қонақтарына келесі өрт қауісіпздігі ережелерін жеткізгім келеді. Тұрғын үй секторында от жағу пешті қараусыз қалдырмауға,оны шамадын тыс жағуға, сіріңке және оттықты балалар қолына ұстатпауға, ақауы бар пеш құрылғылар сылақтап, мұржаларды саждан тазалау қажет.
Жергілікті билік өкілдері мен төтеншеліктер жағдайды бақылауда ұстап, өрттердің алдын алу және салдарын жою бойынша жұмыстарды жалғастыруда. Дәрмен мобильді қосымшасы арқылы өз аймағыңыздағы ТЖ туралы бірден хабарлама ала аласыз. Мобильді қосымша арқылы дауылды ескертулер, автожолдардың жабылуы туралы ақпарат жедел беріледі, сондай-ақ осы платформада түрлі жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы алдын алу ұсынымдары қосымша орналастырылған. Осыны да ескеріп, мобильді қосымшаны жүктеуге кеңес берді маман.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,МЕЙІРЖАН МЕЙРАМҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ