Облыс орталығында жуырда ғана құрылған «JezQanat» оқырмандар отауы – аз ғана уақытта бірнеше әдеби-мәдени шаралардың басы қасынан табыла білуде. Бұл жолғы жүздесу клуб мүшелерінің жоспарына сай «Тұлғатану» тақырыбы аясында өтті.
Кітапты оқытып қана қоймай, есімі кітапқа енген тұлғалардың тағылымды жолымен таныстыру мақсатын көздеген кездесу кейіпкері - дүйім Алаш «Дәридәй» деп білетін Мұқаш Сейтқазинов. Қазақстан Журналистер және Жазушылар одағының мүшесі- оқу ағарту саласынан да алыс емес...
Жүздесу форматы еркін болды. Студенттер қауымы – кездесу қонағына сауалдарын қойып, өнер мен мәдениет жайында пікір алмасты. Сонау 1990 жылдардағы айтыстың жүйрігі – бүгінгі айтыс жайындағы ойын да ортаға салды. Жезқазғандық «Жезқанаттықтар» мұндай бағыттағы жобалар легін әрі қарай да жалғастыра бермек...
Мұқағали Сейтқазы, Айдос Өмірбекұлы, «Ұлытау» телеарнасы