Теміржол ықшам ауданы – қала орталығынан 12 шақырым қашықтықта орналасқан. 400 ден астам тұрғыны бар елді-мекенде – 30 бала оқитын бастауыш мектебі ғана бар. Оның өзі – ескі ғимарат, аядайтар кабинеттер. Ықшам аудандағы 150 ге жуық оқушы таңмен таласа оларды қалаға тасымалдайтын автобустарға асығады...
Сүйіндік ҚҰТПЕЙІСОВ, Қаражал қаласының тұрғыны
Қаршыға СЕЙСЕНБЕКОВ, Қаражал қаласының тұрғыны
Ата-аналардың жанайқайынан қалалық Білім бөлімі хабардар. Өз кезектерінде Теміржолда салынуы керек жаңа мектепке қажетті құжаттарды да дайындап қойған. Маңызы зор мәселенің негізгі түйіні қаржыға келіп тіреледі екен...
Тілеш АШТАЕВ, Қаражал қалалық білім бөлімінің басшысы
Кейінгі жылдары Теміржолда халық саны да артып келеді. Демек, мектеп тапшылығы - уақыт көшімен күрделене бермек...
Елді-мекенде өткен жылы жаңа мектеп салынады деген жақсы хабар да шыққан. Оған жергілікті әкімдік арнайы осы орынды белгілеп қойған. Түйткілді мәселенің оң шешімін табуын тұрғындар тағатсыздана күтуде...
Мұқағали СЕЙТҚАЗЫ, Сергей Майкович, «Ұлытау»