ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Оқушы қауіпсіздігі-ортақ жауапкершілік

Бөлісу:

Жиынды Ұлытау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Ақжол Құрмансейітов ашып жүргізіп отырды.  Кездесу ішкі істер министрлігінің «Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен әріптестік жасап қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасы»аясында полицияның профилактикалық жұмысы және құқық қорғау органдары мен білім беру мекемелері арасында серіктестік орнату мақсатында ұйымдастырылды. 


Мұрат АЛТАЕВ Ұлытау облысының ПД бастығының бірінші орынбасары 

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қоғамдық қауіпсіздік қамтамасыз етудің концепциясы әзірленді. Концепция 3 стратегиялық бағыт бойынша шаралар бар. 1-ші қауіпсіз қоғам. 2-ші мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимыл жасауы жәнеполицияны транформациялау. 


Оқушы қауіпсіздігі- ортақ жауапкершілік деген облыстық білім басқармасының басшысы Сафура Төлекова мектеп және колледж директорларына түйіні тарқалмаған мәселе болса, бірден жеткізу керектігін айтты. Себебі, жасөспірімдермен және жасөспірімдерге қатысты жасалған қылмыстар саны көңіл көншітпейді. Оның себебі де жоқ емес, мектеп басшылығы тәртіп бұзған балаларды мектептің есебіне тіркемейді. Бақылау жүйелі жүргізілмейді. Мектептің есебіне тіркелген бала болашағына балта шабады деген сөз емес. Керісінше, түзу жолға түсуге ықпал етеді. Және де  оқуына, ата-анасының жұмысына, мектепті аяқтағаннан кейін де болашағына әсер етпейді.Тек ол мектеп ішінде қалады. 


Сафура ТӨЛЕКОВА Ұлытау облыстық білім басқармасының басшысы 

Алдағы уақытта, егер қандай да бір білім беру ұйымынан қандай да жасөспірімнің қылмыс немесе құқықбұзушылық бойынша ПД араласуына тура келетін жағдай болатын болса егер ол оған дейін сіздердің есептеріңзде тұрмаса бұл үшін сіздерге де нақты шаралар қолданылатын болады. 


Одан әрі кәмелетке толмағандардың арасындағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, есірткі қылмыстарының, жасөспірімдер арасындағы бопсалаушылық пен бұзақылықтың алдын алу, бейнекамералардың кезекші бөлімге қосылуы, құқықтық тәрбие: ата-ана, жасөспірім және жауаптылық бойынша мінбеге ПД қызметкерлері кезегімен көтеріліп атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.Жалпы ПД білім беру мекемелірмен үнемі байланыста болып, қауіпсіздікке байланысты кез-келген мәселелерді шешуге қолдау мен көмек көрсетуге дайын екендерін жеткізді.Дегенмен әр баланың қауіпсізді­гі ата-ана­ның мейіріміне байланысты екенін естен шығармаған жөн. 


ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,ДУМАН ОРАЗОВ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ


Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты