Дін мен дәстүрдің қоғамда алатын орны айрықша. Ұрпақтың бойына - Исламның асыл қасиеттері мен ұлттық құндылықтарды қатар сіңіруде мақсат еткен орталық бірлік күнінде салтанатты түрде ашылды. Оған Сәтбаев қаласы әкімінің м.а. Алмат Саухимов пен Ұлытау облысының бас имамы Елдос Жұмаділдә арнайы қатысты.
Сайдын Қожа атындағы дін мен салт- дәстүр танымдық орталығы - жергілікті кәсіпкер, қала жанашыры Әбутәліп қажы Инсебаевтың жеке демеушілігімен бой көтерді.
Мұнда дәріс сыныптарынан бөлек, неке қию бөлмесі мен отырыс залы бар. Ғимарат ұлттық нақышта безендірілген.
Мұқағали Сейтқазы, Мейіржан Мейрамұлы, «Ұлытау» телеарнасы