Наурыз – әлемдегі ең көне мейрамдардың бірі. Самарқанның көк тасы еритін атаулы күнде – Сарыарқаның салтанатты төрі Ұлытаудың аспанын ән мен күй тербеді. Орталық алаңға жиналған жұртшылықты аудан әкімі Аманжол Мырзабеков құттықтады.
Аманжол Мырзабеков, Ұлытау ауданының әкімі
-( Құрметті жерлестер, сіздерді Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Көктем мен жаңғыру мерекесі тек жағымды жаңалықтармен келсін, өңіріміз гүлдене берсін. Бәріңізге денсаулық, бақыт және өркендеу тілеймін!)
Мерекенің ұлттық маңыздылығы да айтпаса да түсінікті! Ақшаңқаң киіз үйлер мейрамның ажарын ашып, шырайын кіргізді.
Нұрлан Қасымбеков, Ұлытау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы
- (Биылғы жылы Наурыз мейрамын тойлаудың форматы ерекше болуда. Әр күннің өзіндік мәні мен мағынасы бар. Баршаңызды көктем мерекесімен құттықтаймын.)
Гүлзира Абдикарова, Ұлытау ауданының тұрғыны
-( Наурыз мерекесі құтты болсын! Халқымыз шаттыққа кенеліп, молшылықта өмір сүріп, әрқашан сәттілік серік болсын! Бүгінгі шара жоғары деңгейде өтіп жатыр.)
Елеукен Сыздықова, Ұлытау ауданының тұрғыны
-( Бүгін біз облыстың түкпір-түкпірінен келген дарынды әнші-бишілер ұйымдастырған үлкен мерекенің куәсі болдық. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын! Қазақстанымыз дамып, гүлдене берсін.)
Темірбек Байболов, Ұлытау ауданының тұрғыны
-( Ауылда жаппай іс-шаралар өтіп тұрады. Киіз үйлер тігілді. Наурыздың нұрлы мерекесі – жаңа жылдың басы, жаңа өмірдің бастауы. Барлығыңызға бақытты өмір тілеймін!)
Ілкімді шара барысында ұлттың салт дәстүрі жарасым тапты.. Үлкендер бата берді, жастар жақсылықтың жаршысы болды. Мерекелік дастархан жайылып, ұлттық тағамдар ұсынылды.
Мұқағали Сейтқазы, Мейіржан Мейрамұлы, «Ұлытау» телеарнасы