Отбасынан безіп, ажырасқанымен қоймай, бауыр еті баласына алимент төлеуден жалтарған әкенің қарызы 10 жылда 5 млн теңгеден асқан. Құқық қорғау органдарынан жасырынып келген «Т» есімді азаматты сот 1 жылға бас бостандығынан айырды.
Бекболат МҰРАТ Жезқазған қаласы прокуратурасының прокуроры
Бұл дерек бойынша ҚК 139 бабының 1 бөлімінің сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізіліп нәтижесінде қылмыстық іс сотқа жолданған. Сотқа дейінгі тергеп-тексерумен қылмыскер бірнеше рет жалтарған оған қатысты іздеу жарияланып күзетпен ұсталып бұлтартпау шарасы таңдалған.
Сот шешімімен борышкер сот залында қамауға алынды. Естеріңізге сала кетейік Ұлытау облысы бойынша жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы жүргізген 7 мың атқарушылық өндірістің 150-ге жуығы алимент өндіру ісі.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, МЕЙІРЖАН МЕЙРАМҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ