2024 жылғы су тасқынының алдын алу; Су тасқыны кезеңіндегі автожолдардың жағдайы; Аймақ басшысының төрағалығымен өткен кеңесте күн тәртібіне шығарылған негізгі мәселелер осылар.
Иә, Жаңа апта басталсымен ауа райы бірден жылынды. Мұның салдары қардың еру жылдамдығын жоғарылатқан. Жағдай – облыстағы Көктемгі су тасқынының алдын алу бойынша құрылған жедел штабтың бақылауында деді төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы.
Есен Байыров, Ұлытау облысының ТЖД басшысы
-(25 наурызда, сағат 16:05 те Жаңаарқа кенті, Жұмажанов елді-мекенінде үш үйді, сонымен қатар 19:45 минутта Жаңаарқа ауданы әкімдігі мен Бидайық ауылдық округінің 69 шы разьездінде еуі тұрғын үйді қар еруінен су басу қаупі туындағаны жөнінде хабарлама келіп түсті. Аталға елді-мкендей төтенше жағдайлар департаменті және жеке құраммен 4 адам, 2 бірлік техника, 3 сорғы насосы мен жергілікті атқару органдарынан 1бірлік техника мен 5 адам жұмылдырылып еріген қар суын сору жұмыстары жүргізілді.)
Сонымен қатар Ұлытау ауданын қарасты Сарлық ауылына апаратын тас жол мен Қорғасын ауылына кіреберіс 28 шақырым жолдың үстімен де еріген қар суы ағып жатқандығы айтылды. Аталған жолдарға тәулік бойы кезекшілік қойылған, елді-мекендерге қауіп жоқ. Өңір басшысы салаға жауапты мамандарға күшейтілген режимде жұмыс істеуді тапсырды...
Берік Әбдіғалиұлы, Ұлытау облысының әкімі
-(Қазір түнде де плюс. Сондықтан коммуналдық мекеме қызметкерлері мен төтеншеліктер күшейтілген режимде жұмыс істесін. Кейін күндіз-түні жасаған жұмыстары бойынша қосымша сыйақы төлеу жағын да қарастыратын болыңдар.)
Сондай-ақ облыстық маңызы бар «Жезді - Қарсақпай - Байқоңыр – Қоскөл» бағытындағы автомобиль жолының учаскелерінде жол жамылғысы арқылы су төгілу фактілері тіркелген. Бұл орындарда да сала мамандары қадағалау шараларын қолға алған. Кейін қайта қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілетін болады.
Жомарт Бегаев, Ұлытау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы
-(Құбырлар өз дәрежесінде жұмыс істей алмады. Су үлкен екпінмен келді. Ондағы тұрбалар келген суды қабылдап үлгермей, жолдың бетіне шығып кетті. Қазір жол ашық. Жолаушылар үлкен техникалардың шығарып салуымен қатынауда.)
Қызыл су басып жатқан жолдарда қажеттілік туындаса Полиция Департаментімен бірлесіп автокөлік қатынасына шектеу қойылмақ.. Адам қауіпсіздігі - бірінші орында, - деді Берік Әбдіғалиұлы. Ондағы тұрғындарды азық-түлік және дәрі-дәрмекпен қамту бойынша қала, аудан әкімдеріне тапсырма берді.
Берік Әбіғалиұлы, Ұлытау облысының әкімі
-(Ауырып қалатын адамдар бар, дереу ауруханаға баруы туындайтын адамдар болады. Қажет болса вертолет ұйымдастырыңдар.)
Аталған жиында көктемгі санитарлық тазалық пен абаттандыру жұмыстары да назардан тыс қалмады. Көтерілген сұрақтар мен күн тәртібіндегі мәселелер облыс әкімдігінің тікелей бақылауында болмақ.
Мұқағали Сейтқазы, Мейіржан Мейрамұлы, «Ұлытау» телеарнасы