Ел қазынасын еселеп отырғандардың басым бөлігі –мейрамхана бизнесімен айналысатын жандар. Әрине, мейрамхана ашу үшін сіздің жоғары біліміңіз болуы шарт емес тек оған құятын қаражат пен бизнес-жоспарыңыз болса жеткілікті. Табысқа шыққыңыз келсе тәжірибе тағы керек. Ол үшін сол саланың ішінде жүріп даяшылық қызметте де болуыңызға әбден болады. Семинар-тренингті Қазақстандағы алғашқы мейрамхана мектебінің негізін қалаушы Сейтжан Оспанов жүргізді. Оған 20-дан астам адам қатысты.
Сейтжан Оспанов ҚР алғашқы мейрамхана мектебінің негізін қалаушы
Мейрамхана бизнесміен айналысатындар өз ісіне адал және өзінің ісін сүю керек деп ойлаймын. Мәселен Грузияда халық саны 3,5 млн ғана. Бірақ жылына 9 млн турист барады. Біздің елде 20 млн халық тұрады. Сондай-ақ біз өте қонақжай халықпыз ғой. Бірақ туристердің ағымы төмен. Демек біз мейрамаха ісін жоғары деңгейге жеткізуіміз керек. Себебі қайда барсақ та алдымен тамақтанатын жер іздейміз. Сол арқылы біз өзімізді көрсете аламыз.
Мейрамханаға келуішлердің көбі қызмет көрсету сапасына аса мән береді. Сондықтан үстелге қоятын шанышқыңыздың өзі тәртібімен қойылуы керек. Бәскелестік болған жерде, бизнес өрлейді.Демек қызметкерлер деңгейін арттырып отыру маңызды дейді Сейтжан Оспанов. Тренинг 7 күнге жалғасады. Осы уақыт ішінде қатысушылар мамандықтың негізгі қыр-сырын меңгереді. Соңында оқудың толық курсын аяқтағандарға арнайы сертификаттар беріледі.
Гүлім Маратқызы,Думан Оразов «Ұлытау»телеарнасы