ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Мәдениет - өмір мәйегі

Бөлісу:

Сәуле Абайқызы Түркістанның тумасы. Түркістандағы халық театрының режиссері болып қызмет атқарып жүрген Сәуле Абидинова Жаңаарқа ауданына келін болып түседі. 2004 жылы аудандағы мәдни сауық орталығына қызметкеке орналасады.Содан бері сол орталықта әдіскер, директордың орынбасары, қазір көркемдік жетекші ретінде еңбек етіп келеді.  Негізгі мамандығым мұғалім болғанымен мәдниеттен алыстай алмадым дейді мәдениет саласының майталманы. 


Сәуле АБИДИНОВА Жаңаарқа аудандық мәдени-сауық орталығының көркемдік жетекшісі 

-Мұғалім адам жанының инжерені ғой,ал өнер де адамды рухани байытады.Екеуі айналып келгенде бір сала.Неміс тілі мұғалім болып кетуіме болар еді. Мен алғашқы кезде білген жоқпын ғой, әртістікке бару керек пе. Шетел тілін таңдадым соған түстім. 


Арқа – қазақ даласының ажары, ұлтымыздың айбары десек, Жаңаарқа – ұлт рухының жайлауы. Жазира даланы жайлаған жақсылар мен жайсаңдардың, ұлы мұрат жолында тер төккен тектілердің ізі жатыр бұл далада. Қаншама дүлділдер шыққан Жаңаарқаны зерттей келе Сәуле Абайқызы алғашқылыардың бірі болып «Сыр сандық шашуы»деген шығармашылық бірлестік құрады. 


Сәуле АБИДИНОВА Жаңаарқа аудандық мәдени-сауық орталығының көркемдік жетекшісі 

Мен үшін шағын ауыл болып көрінді. Түркістанда жасаған дүниені неге осы жерде жасамасқа деген ой келді. Бірақ қаншама дүлдүлдер, қаншама мемлекет қайраткерлері, ақын-жазуышлар шыққанын біліп қызықтырғаны сонша 2012 жылы Сәкен Сейфуллин атындағы сыр сандық шашуы деген шығармашылық бірлестік құрдым. Ақселеу Сейдімбектің «кешегінің өнегесі бүгінге-бүгінгінің ертеңгісі ертеңге» деп түрік досына айтқан сөзді ұран қылып алдық.


Сол,   ұлы тұлғаларды ұрпаққа үлгі етіп, кейінгі буынға жеткізу үшін бар күш-жігерімді аяп қалмаймын деген Сәуле Абидинованы әріптестері мен басшылық та мақтан тұтады. 


Айгүл ИСИНА Жаңаарқа аудандық мәдени-сауық орталығының директоры 

Ол кісінің ерекшелігі бірнеше мамандық иесі. Соның ішінде дарынды режиссер. Режиссерлық көп дүниелер қойған. Ауданымыздың 80-90 жылдық мерейтойының сценарийін жазған. Шығармашылық ұжым ретінде қатты бағаламаймыз. Ана ретінде де жастарға үлгі бола біледі. 


Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, өнерімен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлесімен танылып, бағаланады. Өлкеде мәдениеттің дамуына өз үлесін қосып келе жатқан Сәуле апа сондай-ақ ардақты ана, аяулы жар. 


ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ;АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ


Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты