ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Төтенше жағдай жарияланды

Бөлісу:

Жезді кентіндегі – Жезді өзені мен Нарсай өзені арнасынан асып, ондағы бөгеттердегі су өткізгіштері қызыл судың қарқынына төтеп бере алмаған. Мұнда қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органнан 15, Төтенше жағдайлар департаментінен 50-ге жуық, Полиция департаментінен 30-дан астам қызметкер мен жалпы саны 13 техника және 3 су сору құрылғысы жұмыс істеуде. 


Баспанасын су басқан азаматтарға басу айтқан Берік Әбдіғалиұлы жауапты мамандарға апатты жағдайды дереу қалыпқа келтіруді тапсырды.. 


Үйлері тұруға жарамсыз отбасылар уақытша өзге баспаналар мен жатақханаға көшірілмек. Жағдайды ретке келтіру бойынша жедел штаб құрылды. 


Айта кетейік, Жезді кентінде ресми төтенше жағдай жарияланды.


Берік Әбдіғалиұлы бастаған топ әрі қарай қара шаңырақ Қарсақбай кентіне барды. Мұндағы жағдай бір қалыпты. Қардың еру жылдамдығы 27 наурыз күні түннен басталған. Жергілікті билік өкілдері барлығы бақылауда, мал мен жанға қауіп жоқ деді.


Ұлытау ауданының орталығынан Жезқазған қаласына қарай бағытта 70 шақырым қашықтықта орналасқан Талдысай елдімекенінде де қардың қарқынды еруі мен жер асты суларының көтерілуіне байланысты ондағы 8 жеке үй су астында қалған.


27 наурыз күні түнде - ауылдағы 20 адам Жезді кентіне эвакуацияланған. 


Аталған аймақтарда арнайы комиссия жұмыс істейді. Сонымен қатар төтеншеліктер мен полиция департаменті тәулік бойы күзетте болады. 


Мұқағали Сейтқазы, Айдос Өмірбекұлы, «Ұлытау» телеарнасы 


Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты