ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Су тасқыны қаупі бар учаскелеріне әуеден бақылау жүргізілді

Бөлісу:

Ұшу барысында облыстың Жыланды,Қызылжар елдімекендері, Жезді,Кеңгір су қоймалары, Қаракеңгір және Сарысу өзендерінің арнасына жақын орналасқан 1,23, ауылдар тексерілді. Жағдай бақылауда,ахуал тұрақты. 


Сондай-ақ төтенше жағдайлар департаменті Ұлытау облысындағы су тасқыны жағдайын реттеу мақсатында бүгін Кеңгір су қоймасының су торабынан төмен қарай су ағызу жұмыстарын жүзеге асырды. 


Біркен ҚҰЛМАНОВ Жылу және сумен жабдықтау кәсіпорынының басшысы 

Кеңгір су қоймасында 213 млн су бар еді . 3 күннің ішінде бізге 142 млн су келді. 142 млн судың 7 млн 200-ін сбросқа тастадық. Кеңгір су қоймасы 319млн толығымен толтырылды.Кеңгір су қоймасының гидротехникасы 3 шандор тылығымен ашық тұр,  Және 2 –ші 2 ші және 7 ші шандор 10-15 см ашық тұр. Ешқандай қауіп жоқ. Лақтырып жатқан суымыз Қаракеңгір өзенінің арнасымен кетіп жатыр


Иә, бұл тарихи сәт. Себебі Кеңгір су қоймасынан тұтынатын тіршілік нәрі 7 жылдың көлемінде толмаған. 3-ақ күннің ішінде өз нормасына жетті.  Қызылжар кентіне де шолу жұмыстары жүргізіліп қазіргі уақытта су өз деңгейінде өтіп жатқаны анықталды. Әуемен ұшу кезінде облыс әкімі төтеншеліктерге жағдайды бақылап отыруды және халықты алдын ала хабардар етуді тапсырды. Сондай-ақ техника қажет болған жағдайда көмек береміз деді. 


ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ; ДУМАН ОРЗАОВ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ


Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты