ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Су тасқыны - 2024

Бөлісу:

Бүгін өңірлік коммуникация қызметінде аймақ басшысының орынбасары Ұлантай Үсенов пен төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Есен Байыровтың қатысуымен шұғыл брифинг өтті. Онда көктемгі су тасқынының Ұлытау облысындағы қазіргі жағдайы баян етілді. Айта кетейік, біздің өңірде топан судың әлегі наурыз айының 25 інен басталды. Содан бері төтеншеліктер мен полиция қызметкерлері және билік өкілдері тәулік бойы үзіліссіз жұмыс істеуде. 


Бүгінде Жезді өзеніне күніне 40 млн куб су келіп тұрса, ал, Кеңгір су қоймасына кемі 60 млн куб су жиналуда. Бұл, әрине кейінгі жылдарда орын алған ең ауқымды көлем деп есептелуде. Тасқын су – өңірдегі біршама жолдарды да шайып кеткен.. Атап айтар болсақ...


30 шы наурыздағы жағдайға сәйкес – облыстағы негізгі қауіп Сарысу ауылында. Аталған өзен арнасы артығымен толған. Таңертең онда қосымша күш барып, бөгеттерді биіктету жұмыстары атқарылуда.


Еріген қар суын өткізу кезеңі мен су тасқынының алдын алу бойынша құрылған штаб түстен кейін Жаңаарқа ауданына аттанды. Салаға жауапты мамандар мұндай кезеңде жұртшылық тек ресми ақпарат көздеріне сенсе дейді. Себебі, бір ғана қате немесе тексерілмеген жаңалық – бір қауым жұртқа үрей тудыруы бек мүмкін...


МҰҚАҒАЛИ СЕЙТҚАЗЫ, БЕКЖАН МАРАТҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ



Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты