Биылғы конференцияға еліміздің түпкір-түпкірінен 90-нан астам жас ғалымдар, студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысуда. Қатысушылар қатарында Ұлытау және Жамбыл облыстарының мектеп оқушылары да бар. Конференция жұмысын университет ректоры
Әбділмәлік Тәкішев ашып берді...
Конференцияда Ұлытау өңірі мен Қазақстан Республикасының Ғылым мен технология, педагогикалық білім беру, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері талқыланады. Өндірісті орындарында қауіпсіздік шараларын күшейту бағытында ұсыныстар айтылды. Университет студенттері түрлі тақырыпта баяндамалар жасады.
Конференция жұмысы - техникалық және жер туралы ғылымдар; гуманитарлық және педагогикалық ғылымдар; жаратылыстану және экономикалық ғылымдар бағыттары бойынша секциялық отырыстармен жалғасын тапты.
Мұқағали Сейтқазы, Сергей Майкович, «Ұлытау» телеарнасы