ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Облыс әкімінің жұмыс сапары

Бөлісу:

Қостанай облысымен шекаралас тұста орналасқан Терісаққан ауылының жолы да көктемгі су тасқаны салдарынан шайылып кеткен. Берік Әбдіғалиұлы ақау орын алған бөлікті дұрыстауды шұғыл қолға алу қажет екендігін жеткізді. Одан бөлек, биыл аталған орында жерді тегістеу жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі таңда автокөліктер қатынасына шектеу жоқ... 

 

Облыс әкімі ауыл орталығында салынып жатқан фельшерлік акушерлік пункт ғимаратына арнайы барып, құрылыс жұмыстарымен танысты. Бүгінде нысан 75% аяқталған. Мамыр айының соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Жұмыс сапары Қаракеңгір ауылында қортындылады. Мұнда жолдарды су шаю фактісі тіркелмеген. Ауылда салауатты өмір салтын қалыптастыру мен бұқаралық спортты насихаттау мақсатында жабық футбол алаңы салынуда. Ені 20 м, ұзындығы 40 метрді құрайтын алаң сәуір айының соңында қолданыста болмақ. Сонымен қатар құрылысы жуырда аяқталған фельшерлік акушерлік пункті ел игілігіне қызмет етуде. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында қолға алынған жобалар әрі қарай да жалғасын таппақ...

 

Мұқағали Сейтқазы, Сергей Майкович, «Ұлытау» телеарнасы 


Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты