Ұлытау облысының барлық мемлекеттік мекемесінің және кәсіпорын қызметкерлерінің, жеке кәсіп иелері мен белсенді тұрғындардың басын қосқан сенбілікке аймақ басшысы да қатысты. Айта кетейік, облыс бойынша 6000-нан астам ұлытаулық шыққан тазалық жұмыстарына 110 арнайы техника жұмылдырылған.
Сенбілік барысында Берік Әбдіғалиұлы – облыс орталығындағы автокөлік жолдарын ағымдағы жөндеу жұмыстарымен де танысты. Шұңқырларды тегістеу Сәтбаев көшесінен басталған...
«ЖезСтрой» мердігерлік ұйымы өздеріне міндеттелген жұмыстарды мамыр айының 10-ына дейін аяқтаймыз деді. Қазір мұнда 8 техника жұмыс істеуде. Өңір басшысы жауапты мамандарға сапаға баса назар аудару керектігін айтты.
Ал, Ұлытау облысының қалалары мен аудандарының аумақтарын санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру бойынша сенбіліктер маусым айына дейін жалғасын таппақ...
Мұқағали Сейтқазы, Мейіржан Мейрамұлы, «Ұлытау» телеарнасы