«ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Ұлытау облысы бойынша Департаменттің 2024 жылғы 8 айдағы жұмыстарының қорытындысымен Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. Аталған департамент жыл басынан бері ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 192 бабының 8 тармағында көзделген бөлігінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы 5 нұсқама шығарған және біршама кедергілер анықтаған.
Ерлан Карибаев, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті басшысының м.а.
2024 жылы кедергілерді анықтау және жою жөніндегі өңірлік Кеңестің 4 отырысы өткізіліп, Мынадай кедергілер қаралды: Көше саудасы және фуд-корт қызметтері нарығына кіру; Қалалық автожолдарды күтіп ұстау және тазалау қызметтері; Тұтынушыларды табиғи газға қосу; Көріктендіру және көгалдандыру қызметтері; Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару және көму; Ритуалдық қызметтер және мектепке дейінгі білім беру қызметтері