«Адамды адам еткен –кітап, адамзат еткен – кітапхана». Атақты Әбіш Кекілбайдың осынау аталы сөзі – бүгінгі қоғамда да өзекті. Телефонға телмірген заманда – 2500 нан асатын кітап қоры бар кітап дүкенінің ашылуы – Ұлытау облысының рухани әлеуетіне тың серпін болады деп күтілуде. Аталған дүкеннің ашылуына облыс әкімі арнайы қатысты.
Заманауи үлгіде безендірілген ғимаратта коворкинг орталығы мен кітап оқуға арналған орындар да қарастырылған. Кітап дүкеніне Берік Әбдіғалиұлы қолтаңбасы қойып, авторлық жинақтарын тарту етті. Дүкен иесі – қолға алған жобасындағы бірінші мақсат: кітапқа құмар ұрпақтың қатарын көбейту дейді.
Айта кетейік, кітап дүкені Ғарышкерлер бақ жолы 32 а мекен жайында орналасқан. Дүкен басшылығы болашақта мұнда оқырмандар үшін шағын кофехана қарастыруды да жоспарлауда.
Мұқағали Сейтқазы, Мейіржан Мейрамұлы, «Ұлытау» телеарнасы