Қазіргі таңда облыс аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін бірқатар іс-шаралар жүргізілуде. Бұл жөнінде өңір басшысының орынбасары Ұлантай Үсенов айтып берді. Су басқан үйлердің жағдайы бойынша – 22 үйге жергілікті атқарушы орган тарапынан техникалық тексеру мен бағалау жұмыстары қолға алынған. Айта кетейік, 22 үйдің 19 ы Ұлытау ауданында, қалған 3 еуі Жаңаарқа ауданында. Бағалау жұмыстары 10 сәуірде аяқталады деп күтілеуде. Берік Әбдіғалиұлы кеткен шығындарды есептеу кезінде мұқият болуды тапсырды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе - өңірдегі Тұрғын үй құрылысы. Аталған сұрақ бойынша облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Тимур Бижанов кеңірек баяндады. Облыс әкімі - негізгі басымдықты көп жылдан бері түрлі себептермен құрылысы тұралап тұрған ғимараттарға беруді міндеттеді.
Ал, Қала және аудандардағы санитарлық - тазалық жұмысы бойынша көктемгі екі айлықты өткізу жұмыстары өткен сенбіде басталды.
Берік Әбдіғалиұлы – облыс орталығындағы тазалық мәселесін сынға алды. Тұрғындар тарапынан қала көшелеріндегі қоқыстардың уақтылы шығарылмайтындығы жөнінде шағымның көптігін алға тартып, Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Шайжановқа ауызша ескерту берді.
Аппараттық жиында Жалпыға бірдей декларациялау мәселесі де қаралды. 2021 жылдан басталған декларацияның қазір үшінші кезеңі жүргізілуде. Мемлекеттік кірістер департаменті басшылығының айтуынша аталған жұмыстар еш кедергісіз атқарылуда.
Мұқағали Сейтқазы, Сергей Майкович, «Ұлытау» телеарнасы