Өңірімізде сыбайлас-жемқорлықтың алдын алу бағытында бірнеше жобалар қолға алынып, ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Түрлі дәрістер оқылуда. Алайда, жең ұшынан жалғасқан жемқорлық фактілер сонда да тыйылар емес дегене департамент басшылығы, жемқорлықтың негізгі тәуекелдерін атап өтті...
Ерлан Жолдыбаев, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы
-(Әлеуметтік сала, ұзақ құрылыс, көлік инфрақұрылымы, экология, агроөнеркәсіптік кешен, құрылыс және жер-бұл сыбайлас жемқорлық тұрғысынан осал бағыттардың толық тізбесі емес.
Олар басымдық ретінде айқындалған және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасына енгізілген.)
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің жанынан жуырда жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі арнайы өңірлік комиссия құрылған. Аталған комиссия саладағы негізгі мәселелермен тікелей айналысады. Әр ай сайын ішкі талдау жүргізіліп, атқарылған жұмыстардың нақты есебін беретін болады...
Мұқағали Сейтқазы, Думан Оразов, «Ұлытау» телеарнасы