Жезқазған қаласы мен Ұлытау ауданының академия мен футбол мектептерінен 21 команда үздік атағын сарапқа салды. Турнирге 2010-2011 ж.т., 2012-2013 ж.т. және 2014-2015 ж.т. қатысты. Мығым қорғаныс, жылдам шабуыл, жойқын соққы, дәл пас, бәрі шапшаңдықты талап етеді. Жалпы теңбіл допқа қызығушылық танытқан балалар ойынға жандарын салып кірісті.
Дінислам ТІЛЛӘХАН турнир қатысушысы (Жезқазған қаласы)
Дайындық өте жақсы болды. Біздің тренер жақсы дайындады. Болашақта чемпион болғым келеді. Болашақта фуболдық карьерамды жалғастырамын. Өзімді жақсы жақтан көрсетуге тырысамын.
Рамиль ХАМИТОВ турнир қатысушысы (Жезқазған қаласы)
Ойын жақсы өтті. Барлық команда жақсы ойнады. Біз бүгін чемпион атандық.
Командалардың барлығы ұжымдық ойын өрнегін көрсете білді. Түрлі комбинациялар турнирдің бәсін жоғарлатты. Бапкерлер дайындық жоғары дейді.
Бекзат СЫЗДЫҚОВ бапкер (Ұлытау ауданы)
Апта сайын 1 ай бойы 4 рет келіп отырдық. Ата-аналардың көмегімен. 3 команда әкелдік.Әр командада кемінде 10 ойыншыдан бар. Бүгін міне келіп-кетіп жүрген еңбегіміз бүгін ақталды. Кіші тобымыз жеңіске жетті.
Айта кету керек, мұндай форматтағы турнир облыс орталығында алғаш рет өткізіліп отыр. Бір ерекшелігі, ұйымдастырушылар ойынды ұялы телефондағы қосымша арқылы тікелей эфирге шығарды. Алдағы уақытта үздік атанғандар Астанада өтетін чемпионатқа жолдама алады.
Шынболат САТЫБАЛДИН «Қазақстан әуесқой футбол лигасының» Ұлытау облысы бойынша филиалының директоры
Турнирді біз ойлаймыз енді ата-аналар да көріп жатыр, жақсы дейңгейде өтті деп. Біздің тараптан онлайн трансляция жасалды.
Турнир қорытындысында «Үздік қақпашы», «Үздік ойыншы» және «Үздік шабуылшы» номинацияларымен бірқатар ойыншылар марапат төрінен көрінсе, жеңімпаздарға кубоктар мен естелік сыйлықтар табысталды.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,ДУМАН ОРАЗОВ «Ұлытау» ТВ