Өркениетті қоғамда – тұтынушы өз құқығын білу және қорғай алу керек. Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне Ұлытау облысы прокуратурасынан бұзушылықты жою туралы хат өткен жылдың қазан айында келіп түскен. «СәтТазалық» көрсететін қызметтері үшін тұрақты түрде ақы алып тұрғанымен, өз жұмыстарын талапқа сай орындамаған. Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жауапсыздығы кеншілер шаһарының тұрғыны Нұрболат Сұлықбаев бастаған бір топ азаматтың шағымдануына себеп болған. Жуырда соттың шешімі шықты...
Тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті – бұл бағыттағы кез келген түсінбеушілікті заңнын аясында реттейтін боламыз дейді.
Мұқағали Сейтқазы, Думан Оразов, «Ұлытау» телеарнасы