Жезқазған – қазығын Қаныш ғалым қаққан қала! Жерінің асты қазына, үсті ырысты құт мекен мысты өлке тарихына академиктің есімі алтын әріппен жазылған. Қайраткер тұлғаның мерейтойы қарсаңында қолға алынған конференцияға Қаныштың аталас туысы, Қазақстанның Құрметті журналисі Аман Жанғожин Қарағандыдан арнайы шақырылған...
Конференция форматы еркін болды. Жиналғандар ғалымның тұғырлы ғұмыр жолына кеңінен тоқталып, көрген-білгендерін ортаға салды. Түрлі ұсыныстар айтылды.
Шара соңында қала әкімі Қайрат Шайжанов мінбеге көтеріліп, конференция қонақтарына жезқазғандықтардың атынан құрмет көрсетті.
Қаныштың қалдырған мұрасы әлі талай буынның несібесіне айналары сөзсіз. Ал, академиктің атын жаңғыртып, өнегелі өмірін келер ұрпаққа үлгі етіп насихаттау мақсатындағы шаралар әрі қарай жалғаса бермек...
Мұқағали Сейтқазы, Думан Оразов, «Ұлытау» телеарнасы