Сәуір айының 12 жұлдызында дәстүрлі түрде өтетін шараға облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы, өндіріс майталмандары, ардагерлер кеңесі мен халық қалаулылары және қоғам белсенділері қатысты. Алғашқы сөзді аймақ басшысы алды...
Қаныш Сәтбаевтың геологиялық барлау жұмыстарының жемісін бүгінгі ұрпақ көріп отыр. Оның тыңнан түрен салған зерттеулері жалғыз Жезқазғанның ғана емес, тұтас мемлекеттің игілігіне айналуда.
«Ұлар» әдеби клубының мүшелері өлең оқыды, ұлытаулықтар ұлттың бағына туғын ұлдың еңселі ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.
Жиналғандар әрі қарай Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайында «Қаныш» премьерасын тамашалды. Аталған мәдениет үйі жанынан құрылған Сәтбаев жастар театрының ұжымы дайындаған қойылымда ойнаған әртістердің дені жастар...
Спектакльде Қаныштың жалынды жастық шағы көрініс тапқан. Еселі еңбегі жолында кездескен түрлі қиындары мен түғырлы ғұмыр жолы көпті бірде таң қалдарды, бірде ойландарды. Жас режиссер Нұрлыхан Файзиев қойған туынды көрерменнің көңілінен шықты...
Мұқағали Сейтқазы, Мейіржан Мейрамұлы, «Ұлытау» телеарнасы