Аппарат жиынында күн тәртібіне 2 мәселе шығарылды. Оның алғашқысы Жылжымайтын мүлік пен жер қорын есепке алу мақсатында мәліметтерді жаңарту бойынша жүргізілетін жұмыстар. Бұл сұрақ аясында Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрының ақпараттық жүйесіне қатысты ақпараттар да айтылды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе - 2024 жылғы қаңтар-наурыз айындағы әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің атқарылу қорытындылары туралы. Облыстық экономика басқармасының басшысы Виктория Ставицкаяның айтуынша, аталған айларда өңіріміздегі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштің оң динамикасы сақталған. Облыс экономикасына 29,8 миллиард теңге инвестиция құйылған. Барлық саладағы жұмыс нәтижелері бақылауда.
Аппараттық кеңесте айтылған сұрақтар бойынша тиісті басқармаларға тапсырмалар жүктелді. Көтерілген мәселер аймақ басшылығының тікелей қадағалуында болмақ.
Мұқағали Сейтқазы, Сергей Майкович , «Ұлытау» телеарнасы