Ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту, табысын арттыру және әлеуметтік мәселелерін жедел шешу мақсатында Үкімет тарапынан қолға алынған «Ауыл аманаты» бағдарламасы жайлы ауданның шаруа қожалық иелеріне түсіндірілді. Жобаның тиімді тұсы сол: несие бар болғаны 2,5 пайызбен беріледі. Қаражатты алғаннан кейін бірден қалай қайтарамын деп жанталаспайсыз, бір жылдық демалысыңыз болады. Яғни, бизнесіңізді сәл дөңгелетіп алуға мүмкіндіктер қарастырылған. Жиында егін және мал шаруашылығын дамыту бағытында өзге де жеңілдетілген несиелер, лизингке техника алу,шаруашлықыты дамыту бағытындағы ұсыныс пікірлер талқыланды.
Бауыржан ӘЛІМБЕК Ұлытау ауданы Борсеңгір ауылдық округінің әкімі
СПК Ұлытау, агронесиелік корпорация болсын, өздерінің жаңағы бағдардамаларынмен таныстырып, біздің аудан бойынша тіркелген шару қожалықтарына толыққанды түсіндірме мәліметтер бере алды деп өзім ойлаймын.
Иә, кейінгі жылдары еліміздің фермерлері ауыл шаруашылығы аясындағы ауқымды мәселелерді жиі көтеріп жүргендігі жасырын емес. Атап айтар болсақ: жайылымның жоқтығы, жем-шөп бағасының маусым сайын қымбаттауы, ірі техникалардың қол жетімсіздігі, мемлекеттік несиелерді алудың түсініксіз тым ұзақ процесі. Ұлытау ауданында 1000 нан аса ірілі-ұсақты шаруа қожалықтары бар екен.Жиынға қатысқан сала мамандары проблемаларға жекелей тоқталды. Және де мал бағу жауапкершілігін естен шығармау керектігін де айтты. Төрт түлікті бірдейлендіру, егін науқаны кезіне қойылатын талаптар да түсіндірілді.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,АСХАТ ЖАҚСЫЛЫҚ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ