Волонтерлік бағыттағы жобаның негізгі мақсаты- жастардың қолайлы ортада болуын қамтамасыз ету. Облыс орталығында аталған жобаның алғашқы жүздесуі Жоғары политехникалық колледжінде өтті.
Жемісті жобаға облыс әкімдігі қолдау білдіруде. Өңіргі қарасты қалалар мен аудандардың білім бөлімдерінің басшылары мен әдіскерлері, жоғары оқу орындары мен колледж студенттері қатысқан шара еркін форматта өтті. Ұлытау облысында "Менің бауырым" еріктілер жобасын жүзеге асыруға Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті және аймақтағы 14 колледжден барлығы 600-ге жуық волонтер қатысуда.
Мұқағали Сейтқазы, Айдос Өмірбекұлы, «Ұлытау» теелеарнасы