Раушан Қапарова - №230 және 231 сайлау учаскелері арқылы сайланған депутат. Мәслихат төрағасының негізгі жауапты аймақтары облысо орталығындағы – Деев, Жеңіс көшелері мен Алаша хан, даңғылындағы бірқатар үйлер. Өткен жылдың наурызында жұмыс кіріскен мәслихаттың жаңа құрамы – бір жылдық есептерін де осы жүздесулерде беруде...
30 ға жуық тұрғын жиналған жиынға қалалық әкімдіктегі бірнеше бөлім басшылары да қатысты. Тұрғындар тарапынан туындаған сұрақтардың дені әдеттегідей коммуналдық салада болды. Депутаттар мәселелерді жергілікті билік өкілдерімен бірлесе шешпек ниетте.
Айта кетейік, халық қалаулыларының халықпен жүздесуі сәуір айының соңына дейін жалғаспақ. Осы аралықта қаладағы барлық сайлау учаскелері толықтай қамтылмақ.
Мұқағали Сейтқазы, Мейіржан Мейрамұлы, «Ұлытау»