Бүгінгі Жезқазғанның тыныс тіршілігін өлең ету мақсатында қолға алынған жобаны облыс орталығындағы ойлы оқырмандар бірден қолдай кеткен. Поэтикалық батл форматындағы додада әр ақын 3 өлеңнен оқыды.
Жуырда ғана ашылған «Хан Ордасы» қонақ үй кешенінің мәжіліс залында өткен шараның негізгі мақсаты шығармашылыққа құмар жастарды насихаттап, жаңа өлеңмен жүздесу. Кеңгірдің қоңыр кешін керім жырға айналдыру.
Қазылар алқасының шешімімен поэтикалық батлдың бас бәйгесін Медет Қарахметов жеңіп алды.
Жеңімпаз бен барша қатысушыларға алғыс хаттары мен қаржылай сыйақылар берілді. Осылайша өндіріс өлкесі – өлеңнің өндірісіне де өлшеусіз үлестерін қосуда...
Мұқағали Сейтқазы, Айдос Өмірбекұлы, «Ұлытау» телеарнасы