ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

"ZERDELI - ZHEZU" мектебінде Наурыз тойланды

Бөлісу:

Бұрын қазіргідей күнтізбе болмаған. Бірақ қазақтар бәрін аспанға қарап біліп отырған. Наурыз күн жылыған кезде тойланған. Күн жылынып, жер кепкеннен кейін Зерделі мектебі ұлық мерекені атап өтті. Бұл мереке 22-наурыз күні тойланбады деген сөз емес. Мектеп ішінде сынып сағаттары өткен. Ал бүгін, ақшаңқаң киіз үйлер тігіліп, ұлттың салт дәстүрі салтанат құрып, ұлттық киімдер киіліп, ұлттық аспаптар мен жәдігерлер төрге озды.


Айдын ӘБІЛҚАЙЫРОВ «Zerdeli- ZhezU»халықаралық мектебінің директоры  

Бұл жердегі енді басты мақсат: біз академиялқ білімді әр балаға бере алмауымыз мүмкін. Біраз біз істей алатын бір нәрсе бар, ол барлық оқушының көкірегін құндылыққа толтыру. Ал ол қалай жүзеге асады. Ол әрине осындай іс-шараларды мәнді-мағыналы етіп өткізу арқылы.


Мерекеде сынып жетекшілерінің бастамасымен «Төле би», «Қазыбек би», «Әлихан Бөкейханов», «Қаныш»сынды бірнеше «ауыл» бой көтеріп, олардың әрқайсысында бата беру, бесікке салу секілді қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері жан-жақты насихатталды.


Іңкәрім НҰРКЕНҚЫЗЫ «Zerdeli- ZhezU»халықаралық мектебінің мұғалімі 

Біз ұлттық құндылықты ояту үшін әз наурызды бөлек тойлаймыз. Үлкен-үлкен ауыл болып тойлаймыз. Иә,ата-аналар үлкен белсенділік танытып жатыр.Ол үшін алғысым шексіз. Ата-аналардың қолдауымен өтіп жатыр.


Арнайы шақырылған қонақтар ақжарма тілектерін айтып, Ұлытау халқын ұлы күнмен құттықтады. Ілкімді шара барысында әуелет ән шырқалды, күмбірлете күй шертілді. Үлкендер бата берді, жастар жақсылықтың жаршысы болды. Ата-аналардың қолдауымен мерекелік дастархан жайылып, жиналғандарға ұлттық тағамдар ұсынылды.

 

Перизат АНДАГУЛОВА ата-ана 

Барлығымызды ауызбіршілігімізді,ымыра бірлігімізді осы мерекеде көрсетіп жатырмыз.Мұның барлығы балаларымызға көрсетіп жатқан үлгі,тәрбие деп білемін. 


Сондай-ақ, мектеп оқушыларының садақ ату, қазақша күрес сынды ұлттық ойындардан жарысқа түсуі мерекенің шырайын кіргізді.Айта кетейік, Жезқазған қаласында 2023 жылы ашылған «Zerdeli- ZhezU»халықаралық мектебінде қазіргі күні 320 дарынды бала үштілде білім алуда. 


ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,БЕКЖАН МАРАТҰЛЫ  «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ


Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты