ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Суға шомылу маусымына дайындық

Бөлісу:

Шомылу маусымында құтқарушылар күшейтілген режимде жұмыс істейтін болады. Құтқару жасағы  аймағымыздағы су  айдындарының түбін тексеріп,  әр түрлі қалдықтарды тазалай бастады. Облыс аумағында суға шомылу 1 маусымда басталады.  


Еркін ЖАНАБАЕВ Ұлытау облыстық ТЖД азаматтық қорғаныс бөілімінің бастығы 

Жағажайлардағы тыйым салу белгілері, ақпараттық белгілердің бар-жоғын түгендеу жұмыстары өткізіліп жатыр.Оның барысында жетпейтін жерлерде тыйым салынған белгілері қосымша белгілер қойылады. 


Жалпы, облыс аумағында  маусым айында басталтын суға түсу кезінде рұқсат етілген арнайы 5 орын белгіленген. Ал-40 тан астам орында суға түсуге рұқсат жоқ. Су да тілсіз жаудың қатарында. Сақ болмасаңыз, қапыда кетуіңіз бек мүмкін... Мәселен, 2023жылы 5 адам суға кетіп қалған. Себебі де жоқ емес. 5-еуі де тыйым салынған орында суға түскен. Шомылу маусымына дайындық мықтап қолға алынған. Жедел құтқару жасағында 38 қызметкер үздіксіз жұмыс істеуде. 


Талғат НУРГАЛИЕВ жедел құтқару жасағының бас құтқарушысы  

Маторлық айықтан 4-еу бар, үрмелі қайықтан 4-еу бар. Осы биылғы жылы көптеген төтенше жағдайлар болып жатыр.Құтқару жұмыстарына Малшыбай жаққа шығып қайттық. 


Жедел құтқару жасағының бас құтқарушысы шомылу маусымына сақадай саймыз деп отыр. Оны арнайы рейд барысында біз де байқадық. Дегенмен, құтқарушылар белгіленген жерлерде ғана суға түсуге және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап жүруге шақырды.


ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, БЕКЖАН МАРАТҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ


Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты