Жарыс үш кезеңнен тұрады. Іріктеу туры 13 сәуір мен 19 мамыр аралығында,жартылай финал 7 маусым мен 9 тамыз аралығында өтеді. Турнир облыстың депутаттары, саяси қайраткерлер, қоғам белсенділері мен журналистер арасында шахматты дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды.
Раушан ҚАПАРОВА Жезқазған қалалық мәслихатының төрағасы
Ақыл мен ойдың таразысы тартылды. Бас төреші жарыстың тәртібін түсіндірді. Ойынға старт берілді.Енді кім басым түседі деген сауалға жауап іздейтін боламыз. Айта кетейік, жарыстың жартылай финалын үздік шыққандар бас қалада өтетін финалға жолдама алады.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ