Қоғамдық қор білім саласындағы бірнеше әлеуметтік маңызы бар жобалардың негізін қалап жүр. Бірқатар мамандардың бірігуінің нәтижесінде оқу ұжымдары қайта құрылуда, кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілуде және шетелде білім алуға мүмкіндіктер ашылуда. Осындай жобалардың бірі – мектептердегі кәсіптік бағдар беру қызметі. Халық достығы мен мәдениет үйінде өткен көрмеге 10-нан астам отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты. Олар Жезқазған қаласындағы барлық мектептердің түлектеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Шынар КӘКЕНОВА «Ustaz Ulytau» педагогикалық трансформация орталығының «шет тілдері» бағытының жетекшісі
Онлайна түрінде жұмыс жасап келеміз,бүгін офлайн түрінде болып жатыр. Өздері сұрақ қойып жауап алуға мүмкіндік алды.
Жәрмеңкеге қатысқан Түркия университетінің өкілі студенттердің белсенділігі жоғары екенін айтты. Қазірдің өзінде олардың университетінде екі жүзге жуық қазақстандық студент білім алуда.
Мутлу Агхазода Измир универисетінің өкілі
Балалар Қазақстанда тапсыратын емтихандардың сертификаттары Түркия елінде жарай ма,сонымен қатар мамандықтар жайлы сұрақтарын қойды. Жалпы, Қазақстанда тапсыратын емтихандардың сертификаттары бізге жарамды. Бізде бір университтетің өзінде барлық мамандықтар қамтылған. Қазақстандағыдай техникалық университет бөлек гуманитарлық бағыт бөлек дегендей жоқ. Оқушылардың қызығушылығы жоғары. Бастысы жақсы білім алып, мықты мамандық иесі болып шығу емес пе?
Альбина Құрмашева Назарбаев университетінің өкілі
Балалар өте белсенді.Жезқазған қаласына келіп балалардың белсенділігін көріп жатқанымызға өте қуаынштымыз. Тек қана КТЛ сияқты мектепре емес, қарапайым мектептерден балалар келіп сұрақтарын қойып жатыр.
Иә, мұндай форматтағы шаралар балаларға жаңа мүмкіндіктер ашады. №11 ЖББМ оқушысы Абылай жәрмеңке арқылы жоғары оқу орындарына түсудегі талаптармен таныстым,енді нақты шешім қабылдайтын боламын дейді.
Абылай ҚУАНЫШ №11 ЖББМ оқушысы
Көп мәлімет бірді бізге. Өзім Қазақстан бойынша Мақсұт Нәрікбаев университетіне немес СДУ-ға,мүмкіндік болса Түркия елінің Измир қаласындағы университетке оқуға түскім келеді.
Мамандықтар жәрмеңкесінен кейін әр универститет өздерінің оқу ордалары жайлы презентация жасады. Оқушылар жоғары сынып оқып жүрсе де, болашағын нақты қай саламен байланыстыратынын шеше алмайды. Сондықтан да бүгінгі іс-шараның маңызы ерекше.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕРАНАСЫ