«Ауыл аманаты» бағдаламасы біздің өңірде де жүйелі жүзеге асып келеді. Мәселен, 2023 жылы республикалық бюджеттен үш миллиард үш жүз жетпіс миллион теңге көлемінде қаражат бөлініп, 2 миллиард теңгеден астам қаржы игерілді. Ал биыл екі миллиард 900 миллион теңгеге жуық қаражат бөлу жоспарлануда. 2023-2024 жылдары әрбір ауылдық округке несие берудің басым бағыттарын айқындау жұмыстары жүргізілді. Бір ғана «Ауыл аманаты» бағдарламасында 5 бағыт бойынша жеңілдіктер қарастырылған.
Нұрлан САДЫБЕКОВ «Ұлытау» ӘК АҚ басқарма төрағасының орынбасары
Яғни, бүгінгі жылқы шаруашылығынан басқа кез келген салаға несие береміз. Жылқы көп, жер жетпейді. Сондықтан да 1 сәуірден бастап уәкілетті орган, яғни ауыл шаруашылығы басқармасы жылқы малын несиелендіруге тыйым салды. Сонымен қатар, мал шаруашылығы аясында ірі қара , ұсақ мал және толықтай кез келген шағын бизнеске несие алуға болады. Атап айтар болсақ: сұлулық салондарына, наубайханаларға, техникалық қызмет көрсету орталықтарына сондай-ақ дүкен құрылысына.Тек бұлардың барлығы ауылда жүзеге асуы шарт.
Биылғы жылдың басынан бері облыста 100-ге жуық жоба қаржыландырылып, өтініштер саны күн сайын артып келеді. Ауыл тұрғындары мемлекеттік бағдарламаның арқасында мал шаруашылығын дамытып, бизнес идеяларын жүзеге асыруда. Жаңадан бастаған кәсіпкерлер де, жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлер де бағдарламаға қатыса алады.
Нұрлан САДЫБЕКОВ «Ұлытау» ӘКҚ АҚ басқарма төрағасының орынбасары
Шаруа қожалығынан өтініш берсе, несие бес жылға екі жарым пайызбен беріледі. Жеке шаруалар бірігіп, кооператив құратын болса онда 10жылға 30 миллионға дейін береміз.
Демек, еңбек етем деген жанға демеу міндетті түрде болады.Қазіргі таңда «Ұлытау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының мамандары ауылдағы ағайынға бағдарламаның тиімді тұстарын түсіндіріп жүр.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ