Игі іске аймақ экологиясына бей-жай қарамайтын жандар түгел жиылды. Қала әкімдігі, Ұлытау облысыының жастар ресурстық орталығы, «бірлік»еріктілер клбуы мен тұрғындар қолдарына күрек алып, шелек ұстады. Барлығының мақсаты бір. Туған өлкені жасыл-желекке айналдырып, экологияның жақсаруына үлес қосу.
Дарын ТӨЛЕУБАЙ Ұлытау облыстық жастар ресурстық орталығының маманы
Шараның мақсаты – табиғатқа деген жанашылрлықты ояту, көріп тұрғандарыңыздай жас балалар да қатысып атсалысып жатыр. Таза Қазақстан акциясы өте жақсы акция деп ойлаймын. Себебі, экологиямыз біршама тазарып қалды.
Айта кетейік, саябаққа басқа емес дәл- терек отырғызудың да өз себебі бар. Терек өте берік. Бұл аязға төзімді, қарапайым, тіпті нашар экологияға бейімделе алады. Биіктігі жылына 3-4 метрге дейін өседі. Кемінде 80-100 жыл жасайды.Егілгеннен кейін бірінші жылы мол суару жеткілікті. Десе де, кез келген көшетке күтім керек екені белгілі. Сондықтан, бүгін отырғызылған ағаштарды одан әрі күтіп-баптау әкімшіліктің жауапкершілігінде болмақ.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ