Қоқыс үйінділері азаяр емес. Рұқсат етілмеген жерге қоқыс тастау жауыр болған мәселенің бірі. Көшелер күнара тазартылып, сенбілік жиі өтетініне қарамастан, кейбір тұлғалар тұрмыстық қалдықтарын лақтырып, қоршаған ортаға зиянын тигізіп жатыр.Рейд барысында бірқатар заңбұзушылықтар анықталды. Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының сыртында қаланың барлық дерлік қоқыстары:атап айтқанда құрылыс тұрмыстық қалдықтар, тіпті өлген жануарлардың өлекселері де жатыр. Барлығын сол жерде орналасқан сайға тастайды екен.
Қалдыгүл ЖАРТЫБАЕВА Ұлытау облысы бойынша экология департаменті мемлекеттік экологиялық бақылау бөілімінің инспекторы
ҚР экология және табиғи ресурстар экологиялық бақылау және реттеу комитетінің бастамасымен жезқазған қаласында акция өтуде.Алдағы уақытта да жалғасын табады.
Биыл рұқсат етілмеген үйінділерді жою бойынша «ЖезСтрой-2023» ЖШС мердігер ұйымы айналысады. Ағымдағы жылдың басынан бері 8 нысаннан 260 тоннадан астам қоқыс шығарылған.
Байрам ВАЛИЕВ «ЖезСтрой-2023» ЖШС өндірістік жұмысының бастығы
Естеріңізге сала кетейік, өткен сенбіде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында рұқсат етілмеген 65 полигон жойылып, қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған 10 контейнер орнатылған болатын. Экология департаменті жыл соңына дейін шаһардың тазалығын жіті қадағалап, бірнеше мәрте тексеріс өткізетінін айтты. Тәртіп бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қомақты айыппұл арқалайды.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,ДУМАН ОРАЗОВ,СЕРГЕЙ МАЙКОВИЧ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ